Қоғам

Әбдірахымов шымкенттіктердің табысын көтеруге уәде берді

© Sputnik / Болат ШайхиновҒабидолла Әбдірахымов
Ғабидолла Әбдірахымов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасының жарлығымен Шымкент республикалық маңыздағы қала мәртебесін алған еді. 17-ші өңірдің әкімі болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды

АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Шымкенттің жаңа әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тұрғындардың табысын жоғарылатуға уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әбдірахымов Шымкентке әкім болып осымен екінші рет тағайындалып отыр. 

"Бұл мен үшін күтпеген оқиға болды. Шешімді мемлекет басшысы қабылдайды. Әрине, мен қатты қуандым, қаланы көркейту үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз", — деді Әбдірахымов үкімет отырысынан кейін. 

Қала әкімі жаңа жұмыс орындарын ашуға, табысты көбейтуге, тұрғындардың тұрмыс деңгейін көтеруге бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

Шымкент әкімі Сауранбаев: тілім жойылатын болса, бүгін өлуге даярмын>> 

Шымкент әкімі автобусқа кешігіп, соңынан жүгірді - Sputnik Қазақстан
Видео
Шымкент әкімі автобусқа кешігіп, соңынан жүгірді

"Біз қалада мемлекеттік басқару құрылымын қалыптастыруымыз керек. Барлық бөлім басқармаға айналып, әкімдіктің жұмысын үйлестіру қажет. Түркістан облысымен мүлік трансфертінің бюджетін бөлу мәселелерін шешуіміз керек. Әрине, тұрғындар қала мәртебесінің жоғарылағаннан кейін тұрмыстың да жақсарғанын қалайды. Біз қалалықтар бұл өзгерісті сезінуі үшін тырысатын боламыз. Ол халықтың табысын көтеру, жұмыс орындары, абаттандыру, білім, мәдениет. Тағы басқа осындай мәселелер", — деді қала басшысы. 

Айта кетсек, Қазақстан президентінің жарлығымен Шымкент республикалық маңыздағы қала мәртебесіне ие болды. 17-ші өңірдің басшысы болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды. 

Әбдірахымов бұған дейін де Шымкент әкімі қызметін атқарған еді. 

Ал Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістанға ауыстырылды. Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы деп өзгертілді.

Шымкент әкімі орысша сөйлемеген аудан басшысына неге шүйлікті?>>

Жаңалықтар
0