Өңірлер

Еліміздің үш облысында дабылды ескерту жарияланды

CC0 / / Найзағай
Найзағай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің кей өңірлерінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал

АСТАНА, 25 маусым — Sputnik. Қазгидромет Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik.

қатты жел - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның бірнеше облысында дауылды жел болады

26 маусымда күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай болады, солтүстік пен солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15 м/с жетеді.

26 маусымда Қостанай облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

25-27 маусымда Атырау облысында 36-38 градусқа дейін ысиды. 26-27 маусымда 40-42 градус аптап ыстық болады. Атырау қаласында да аптап ыстық — сынап бағанасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі.


Жаңалықтар
0