Қоғам

Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі қайтыс болды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ержан Өтембаев соңғы жылдары елдің саяси өміріне араласқан жоқ

АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев 63 жасына қараған шағында қайтыс болды. 

Гүл шоқтары, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бұрынғы мәдениет министрі қайтыс болды

Өтембаевтың қазасы туралы саясаттанушы Талған Қалиев Telegram-каналында хабарлады. 

Ержан Өтембаевтың 12 жыл бұрын оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс бергені үшін сотталғаны белгілі. Жеті жылдан соң Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтірген адам тапсырысты басқа біреу бергенін мойындады. 

2014 жылы Ержан Өтембаев босап шықты, оған қатысты сот үкімі ішінара жойылды. 

Бостандыққа шыққаннан кейін Ержан Өтембаев елдің саяси өміріне араласқан жоқ. 


Жаңалықтар
0