Қоғам

Қырғызстаннан әкелінетін қауіпті азық-түліктер анықталды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтусупермаркет
супермаркет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың бүкіл жерінде көрші елдің бірнеше кәсіпорнының ірімшігі, шұжығы мен балмұздағы сауда сөрелерінен алынып жатыр

АЛМАТЫ, 23 маусым — Sputnik. Қазақстанда сауда орындарында денсаулыққа қауіпті ірімшік, шұжық және балмұздақ анықталды. 

Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің хабарлауынша, Қырғызстанның бірнеше кәсіпорнының өнімдерінен қауіпті бактериялар анықталды. 

Супермаркет - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстанда қандай азық-түлік қымбаттады?

"Риха" өндіретін "Испанская" шұжығының сынамасынан ішек таяқшасы тобының бактериясы, "Умут и Ко" кәсіпорны шығаратын "День и Ночь" эскимосынан адамның улануына әкелетін Staphylococcus aureus (стафилококтың бір түрі — Sputnik) табылды.Сондай-ақ "Эмилия" компаниясының "голландтық ірімшік" өнімінің сынамасынан ішек таяқшасы тобының бактериясы анықталды", — деп жазылған хабарламада. 

Бұған дейін ірімшік өндіруші кәсіпорынның Қазақстанның нарығына қауіпті өнімнің әкелінбейтініне кепілдік берген. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі бұл талаптың орындалмағанын анықтап отыр. 

Ерте өлу тәуекелін төмендететін азық-түлік анықталды>>

"Бұл өнімнің барлығы кедендік одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейді. Комитет азық-түлікті сауда сөрелерінен алып тастау және жою бойынша қажетті шараларды қолға алды. Республиканың бүкіл аумағында күшейтілген зертханалық бақылау жүргізілуде", — деп хабарлайды ведомство. 

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне бұл кәсіпорындардың қызметін бақылауға алу туралы ескерту жолданды. 

 

 

Жаңалықтар
0