Өңірлер

Ташкент прокуроры Ақтөбеде 52 өзбектің өртеніп кетуін мысалға келтірді

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКАқтөбе облысында автобус өртенді: 52 адам қаза болды
Ақтөбе облысында автобус өртенді: 52 адам қаза болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда милионнан астам өзбек жұмыс істеп жатыр, алайда олардың 350 мыңы ғана тіркеуде бар

АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Қазақстанда милионнан астам өзбек жұмыс істеп жатыр. Олардың басым көпшілігі көші қон полициясына тіркеуге тұрмаған. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы прокуратурасының өкілі мәлімдеді, деп хабарлады TVK арнасы. 

Астана қаласының прокуратурасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
52 өзбек өртеніп кеткен автобустың иесі қашып жүр: кім жауап береді?

Екі ел арасындағы екі жақты жұмыс кездесуінде осы мәселе кеңінен талқыға түсті.

Бұл азаматтар жылдың қай мезгіліне қарамастан, оңтүстік өңіріне жұмыс іздеп келгендер. Бірінің құжаты бар бола тұра, өзімен бірге алып жүрмейді. Ал екіншісінің тіпті, жеке басын айғақтайтын құжаттары да жоқ. Соған қарамастан, нәпақасын тауып, жұмыстарын жалғастыруда. Ал олардың қауіпсіздігіне жауап берер мекеме тағы жоқ. Өйткені, олар тіркеуге алынбаған.

Осы мәселенің алдын алу мақсатында екі ел арасында арнайы жиын өткізіліп, өзара қарым-қатынасты реттеу, мигранттардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету, заңсыз еңбекке тарту сынды проблемалық сұрақтар көтерілді. Мәселен, Ташкент облысы прокурорының айтуынша, ала шапанды ағайындарымыздың 650 мыңға жуығы Қазақстанда заңсыз жүр.

Қолына кісен салынған адам ресми құжат ұстап отыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақтөбеде өртенген автобустың жүргізушілері қамауға алынды

"Қазіргі таңда, Өзбекстан Республикасында жұмыссыздықты жою мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, шетелде жұмыс істеп жүрген азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыстар қолға алынды. Қазіргі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға 1 миллионан астам адам жұмыс іздеп кірген. Алайда олардың 350 мыңы ғана тіркеуде деген ақпарат бар. Іс тәжірибе көрсеткендей, олардың қауіпсіздігіне ешкім жауап бермейді. Соңғы кездері қайғылы жағдайларды естіп, куә болып жатырмыз. Мәселен, Ақтөбе облысына жұмысына кетіп бара жатқан автобусты алуға болады. Яғни, көлік өртеніп, 50-ден астам адамның өмірі қиылды. Қазір бұған байланысты тиісті шаралар жүргізілуде", — деді Ташкент облысының прокуроры Бақтияр Полатов.

Ақтөбедегі трагедия: заңға тасымал талабын күшейтетін өзгерістер енгізілмек>>

Кездесу барысында қылмыстық қудалау шеңберіндегі халықаралық тапсырмаларды орындау, сотталған Өзбекстан Республикасының азаматтарын еліне қайтару мәселелері талқыға түсіп, бірқатар құжаттарға қол қойылды. Яғни, кез келген мәселеде екі ел жан-жақты ортақ шешімге келіп тарқасты.


Жаңалықтар
0