Қоғам

Иранда қазақстандық режиссер не үшін ұсталғаны белгілі болды

CC0 / StockSnap / Оператор
Оператор  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саясаттанушы Ерлан Қарин өзінің парақшасында Қанат Бейсекеев Қазақстанға келе жатқанын жазды

АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеев Иранда не үшін ұсталғаны белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Бейсекеев Горган қаласында арнайы рұқсатсыз фильм түсірумен айналысқан.  

"Ол (Бейсекеев) Иранға төрт-бес күн бұрын ұшып барды. Түсіру тобы Горганға жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз келген. Олар күтуі керек еді, өйткені ресми хат жазу қажет", — деді Sputnik Қазақстанға ақпараттан хабардар дереккөз.

Sputnik-ке белгілі болғандай, Бейсекеев пен түсіру тобындағы тағы екі адам Тегеранға сол жерден Қазақстанға оралу үшін аттанып кеткен. Дегенмен екі бұрын топ ешкімге айтпай, Горганға қайта оралғаны туралы ақпарат жарияланды.  

Кісен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Танымал қазақстандық режиссер шетелде ұсталды

"Жергілікті қазақтар да бұл жайлы ештеңе білмейді. Олардың ұсталғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Алайда, олар ұсталған сияқты. Алдын ала мәлімет бойынша, қонақ үйден алып кеткен", — деп нақтылады Sputnik-ке сұхбат беруші. 

Иран заңнамасы бойынша, журналистер мен блогерлер ақпарат жинауға рұқсат алуы тиіс, деп түсіндірді ол.  

Ал, "Qazaqstan" РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин өзінің желідегі парақшасында Қанат Бейсекеев "елге ұшып келе жатқанын" жазды.   

"Қанат Бейсекеевті уайымдаудың қажеті жоқ. Ол елге ұшып келе жатыр. Жұмыс барысында мәселе туындады, алайда шешімін тапты", — деп жазды Қарин.

Қанат Бейсекеевтің Иранда ұсталғаны туралы PR-маман Әлішер Елікбаев хабарлаған болатын. Ол Sputnik-ке режиссердің бүкіл құрал-жабдығын тәркілегенін айтты. 

Бейсекеев Иранда қазақтар туралы деректі фильм түсіріп жатқан. Бұған дейін сол мақсатта Моңғолия мен Өзбекстанға барып қайтыпты. Ол жақта полицияға қатысты ешқандай қиындық болмаған, дейді Елікбаев. 

Қытайлар Димаш Құдайберген туралы фильм түсірмек>>


Жаңалықтар
0