Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда мектептер жабылып жатыр

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуМұғалімнің архивтегі фотосы
Мұғалімнің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстікке көшіп барғандарға жер телімдері, бір реттік қаржылай көмек беріледі, барлығы жұмыспен, баспанамен қамтылады

АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында мектептер жабылып жатыр. Өңірде экономикалық белсенді халық аз болғандықтан кадр тапшылығы сезілуде. Бұл туралы аймақтан жұмыс күшін тарту мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге арнайы келген делегация өкілдері айтты, деп жазды otyrar.kz. 

Портфель - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда екі рет жемқорлық жасаған адам мектеп директоры болды

Жұмысшы топ Түлкібас, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарына іс сапар жасап, халыққа түсіндіру шараларын ұйымдастыруда. Сала мамандарының сөзіне қарағанда, өңірге мұғалімдер, дәрігерлер мен мемлекеттік қызметкерлер жетіспейді. Тіпті прокуратура, ішкі істер органдарында да басшылық қызметтер бос тұр дейді делегация өкілдері. Қоныс аударушылар баспаналармен қамтылып, мемлекеттік қолдауларға қол жеткізеді.

Қазақстанда бала туу көрсеткіші жағынан Маңғыстау облысы көш бастап тұр>>

"Ауыл шаруашылығын түлету үшін жер телімдері беріледі. Егістік жерлер мен жайылымдық жерлер береміз. Бір реттік қаржылай көмектер көрсетіледі. Бізге көшіп келген тұрғындардың барлығы жұмыспен қамтылған, баспаналарын алған. Біз келем деушілерге барлық жағдайды жасаймыз", — деді "Нұр Отан" партиясының Железное аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Төлеген Сәрсенов.


Жаңалықтар
0