Өңірлер

Түркістан облысының тұрғындары құжатын қашан ауыстырады?

© Sputnik / Болат ШайхиновУақытша тіркеу
Уақытша тіркеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әділет министрі ведомствоның жаңа облыс құру туралы жарлықты іске асыру аясындағы қызметі туралы әңгімеледі

АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Қазақстан әділет министрі  Марат Бекетаев жаңадан құрылған Түркістан облысы тұрғындарының құжатын ауыстыру тәртібі туралы айтып берді.

Шымкент - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев жарлыққа қол қойды: Қазақстанда жаңа облыс құрылды

"Ештеңені ауыстырудың керегі жоқ. Заң бойынша барлық паспорт, құжаттар күшін сақтайды. Олар жоспарлы тәртіпте – жасының жетуі, паспорттағы барлық беттің бітуі немесе мәмілелерді қайта тіркеу кезінде ауыстырылады", — деп атап өтті Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында.  

Оның айтуынша, Әділет министрлігі жаңа облыс құру туралы жарлықтың қабылдануына байланысты қосымша шығын шығаруды жоспарлап отырған жоқ. Өйткені ведомство бұған дайын болған және дайындық жұмысын алдын ала бастаған. 

19 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беретін, ал Оңтүстік Қазақстан облысының атауын Түркістан облысы деп өзгертетін жарлыққа қол қойды.   

Тоқаев: Назарбаев 2020 жылғы президент сайлауына қатысатынына сенбеймін>> 

Мемлекет басшысы жарлыққа жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде Шымкент миллионнан астам тұрғыны бар Астана мен Алматы қалаларының қатарына қосылғанын айтты.

"Шымкент біздің елдің ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің инвестициялар, технологиялар және интеллектуалды ресурстар тартатын жаңа орталығына айналады. Бұл үшін барлық жағдай мен қажетті әлеует бар", – деді Назарбаев.  

Түркістан облысының әкімі тағайындалды>>


Жаңалықтар
0