Қоғам

Мәдениет министрі: Назарбаевтың президент болып қала бергенін тілейміз

© Sputnik / Болат ШайхиновАрыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, шетелдіктер Қазақстан президентіне сүйсініп қарайды

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді.

"Шетелге шықсақ немесе халықаралық конференция өткізгенімізде, бәрі сүйсініп, былай дейді: "Біздің елімізде де Нұрсұлтан Назарбаев сияқты президент болса ғой". Тіпті қазіргі президенттердің өзі: "Алғашқы президентіміз Назарбаев болғанда, мемлекетті қайта құратын едік", — дейді. Нұрсұлтан Назарбаев сияқты мықты көшбасшымыз болғанына біз шексіз бақыттымыз", — деп жауап берді министр Sputnik сұрағына.

Мұхамедиұлы "Рухани Жаңғыру" логотипі туралы: ұялатын ештеңе жоқ>>

Мұхамедиұлы сөзін аяқтап үлгерместен залға жиналғандар қошемет көрсете бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Өз сөзіме жауап беремін" Тоқаев Назарбаевқа қатысты айтқан сөзін түсіндірді

"Әлбетте, әрі қарай Қазақстанды басқара бергенін бәріміз қалаймыз. Назарбаевтың басшылығымен еліміз үлкен жетістіктерге жетеді. Залдағылар мені қолдайды деп ойлаймын. Менің пікірім осы", — деп Мұхамедиұлы ойын түйіндеді.

Бұған дейін Тоқаев Назарбаев 2020 жылғы президент сайлауына қатысатынына сенбейтінін мәлімдеді.

Қазақстанның қазіргі президенті осы жазда 78 жасқа толады. Ол 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғашқы бүкілхалықтық сайлаудың қорытындысы бойынша президент болып, содан бері елді басқарып келеді. 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен соңғы кезектен тыс сайлауда мемлекет басшысы сайлаушылардың 98% дауысын иеленіп, бесінші рет жеңіске жетті. Оның өкілеттігі 2020 жылдың сәуірінде аяқталады. Коституцияға сәйкес, Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті ретінде бұл лауазымға өмір бойы сайлауға түсе алады.

 

 

Жаңалықтар
0