Өңірлер

Көлік басып кеткен әйелдің кім екені анықталмай жатыр

© Photo : Stefan SchweihoferЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы – Ташкент – Термез тас жолында Ауди-100 көлігінің астына түсіп ажал құшқан әйелдің кім екені бір айдан бері анықталмай жатыр

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. Құқық қорғау органдары 2018 жылдың 29 мамырында Алматы – Ташкент – Термез жолының 718-ші километрінде көлік астына түсіп қаза тапқан әйелдің кім екенін анықтау үшін халықтан көмек сұрады.

Тойота Краун Маджеста Сейфуллин көшесіндегі көпірдің бетон тіреуішіне соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жол апаты кезінде қымбат көлік қақ бөлінді: жүргізуші көз жұмды

Өңірлік ішкі істер департаменті мәліметіне сүйенсек, тергеу бөлімінде жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарының материалы әлі өндірісте.

"2018 жылдың 29 мамырында 22.10-да жол апаты болды.  Ауди-100 көлігін айдап келе жатқан жүргізуші кім екені белгісіз жаяу жүргіншіні – 35-40 жастағы азиат әйелді қағып кетті, зардап шегуші оқиға орнында көз жұмған", — деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары азаматтардан әйел адамның кім екенін анықтауға көмектесуді сұрайды.

Әжей - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда автобус зейнеткерді қағып, қашып кетті

"Әйел адам қызыл түсті спорттық олимпийка, қара шалбар, қызыл түсті биік өкшелі туфли киген. Жол апаты құрбанының түр-сипаты: бойы шамамен 160-165 см, дене бітімі орташа. Көзі қоңыр, шашы қара, қысқа (карэ)", — деп атап өтті өңірлік ІІД.

Жол апаты 2018 жылдың 19 маусымынан бастап Түркістан облысы болып өзгертілген Оңтүстік Қазақстан облысында болған.

Жаңалықтар
0