Ведомство айтқан сөзінде тұрды. Арнайы құралдарды пайдаланған түлектердің бірі – елордалық №7 мектептің оқушысы Рамазан Есмағамбетов.
Рамазан жыл бойы емтиханға барын салып дайындалды. Тестілеуге бойындағы күш-жігерін жинап, сақадай сай келген. Келешекте бозбала тілші мамандығын игеріп, телеарналардың бірінде диктор болуды армандайды.
Болашақ тележұлдыз ендігі кезекте өзі таңдаған ЖОО-да шығармашылық емтиханнан өтуі тиіс.
Рамазан Есмағамбетовтың айтуынша, ең бастысы – өзіңе және арманыңа қалтқысыз сеніп, ешқандай кедергіге қарамастан алға ұмтылу.
"Екіжүздісіз!" ҰБТ кезінде түлектерге көмектескен мұғалімдер желіні шулатты>>