Қоғам

Павел Дуровқа Қазақстан журналистер одағының сыйлығы не үшін берілді?

© Sputnik / Валерий Левитин / Медиабанкке өтуПавел Дуров
Павел Дуров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дуров 13 сыйлық иегерінің қатарынан табылды, сыйлық қазақстандық тілшілер мен бір шығармашылық ұжымға берілген

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстан журналистер одағының сыйлығын иеленді.

Telegram мессенджері - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Абаев: біз Telegram-ды бұғаттауға мүдделі емеспіз

Одақ басқармасы Дуровтың цензура мен мемлекеттің адамдар арасындағы еркін хабар алмасуға араласуына қарсы ұстанымын атап өтіп, ымырасыз деп баға берді.

"Интернет-жоба" номинациясы бойынша "ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров марапатталады", — деп жазылған Қазақстан журналистер одағының сайтында.

Павел Дуров — ресейлік кәсіпкер және миллиардер. ТМД елдерінде таралған "Вконтакте" әлеуметтік желісін жасап шығарып, танымалдыққа ие болды. 2014 жылы "ВК" бас директоры қызметінен кеткен. Лауазымын босатқанға дейін бір-екі жыл бұрын Telegram мессенджерін ойлап тапты.

Тұрысов: мекенжай туралы анықтаманы енді Telegram арқылы алуға болады>>

Қазақстанда Telegram мессенджерін пайдаланғанда оқтын-оқтын қиындықтар туындап тұрады. Ресми ведомстволардың өкілдері түсіндіргендей, оның себебі —  елімізде экстремистік деп танылған "Демократический выбор Казахстана" ("ДВК" негізін қалаушы – қашқын банкир Мұхтар Әблязов) қозғалысының материалдар таратуы.

Жаңалықтар
0