Өңірлер

Ақтөбе облысында бұғы мүйізімен емдейтін емхана ашылды

© Photo : Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіАқтөбе облысында бұғы мүйізімен емдейтін емхана ашылды
Ақтөбе облысында бұғы мүйізімен емдейтін емхана ашылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шипажайдың алғашқы емделушілері 25 маусымда келеді деп болжануда. Пантотерапия курсының ұзақтығы 5-10 күн

АСТАНА, 21 маусым —Sputnik. Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында "Зәру" пантомен емдеу шипажайы ашылды. Салтанатты шара барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жобаның жергілікті тұрғындарды сауықтыруға және облыс туризмінің дамуына оң әсерін тигізетініне сенім білдірді, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Астананың Сарыарқа ауданындағы жаңа мешіттің ашылуы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды

"Мен осында тек ақтөбеліктер ғана емес, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің көршілес өңірлерінің тұрғындары да келеді деп ойлаймын. Қазіргі заманғы пантомен емдеу емханасының ашылуы — дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы мен табысты аймақаралық ынтымақтастықты белсенді дамытудың айғағы. Біз аграрлық секторда облыс үшін таңсық өндірістің түрлерін қолдау арқылы экономиканың бұрын игерілмеген әлеуетін пайдаланып, ең бастысы — азаматтарымызды өз өндірісіміздің пайдалы өнімдерімен қамтамасыз етеміз", — деп атап өтті  Бердібек Сапарбаев. 

Сонымен қатар, аймақ басшысы жергілікті билік дәстүрлі емес ауыл шаруашылығымен айналысатын АӨК субъектілері үшін толық қолдау көрсетеді деп сендірді.

 Шипажай Шығыс Қазақстан облысынан әкелінген 150-ден аса марал емдеу шикізатымен қамтамасыз етілетін болады. Фермада барлығы 30 адам еңбек етпек. Келешекте марал мүйізінің негізінде биологиялық қоспалар шығару жоспарда бар.

Шипажайдың алғашқы емделушілері 25 маусымда келеді деп болжануда. Пантотерапия курсының ұзақтығы 5-10 күн.


Жаңалықтар
0