Қоғам

Тоқаев: ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқытудың не қажеті бар?

© Photo : Пресс-служба сената парламента РКҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат төрағасы жаңа оқу жылы басталмай тұрып, оқу бағдарламасы туралы жақсылап ойлануға шақырды

АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушыларға бірінші сыныптан бастап ағылшын үйретуге қатысты пікірін білдірді. 

"1.09 жаңа оқу жылы басталады, бұл оқу бағдарламалары туралы ойланатын қисынды себеп. Мысалы, ағылшын тілін бірінші сыныптан үйретудің қаншалықты қажеті бар? Осы тілде толығымен дайындалған мұғалімдер жеткілікті ме?", — деп жазды мемлекет қайраткері твиттердегі парақшасында

Тоқаевтың пікірінше, тіл – үлкен саясат, сондықтан әуелі қазақ және орыс тілдеріне ден қою керек.

Күйзеліс. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Келесі жылдан бастап 4 пән ағылшын тілінде оқытылады

Айта кетсек, 2015 жылы "Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы" бекітілген болатын. Осыған байланысты мектептерде жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшу үдерісі басталды. 2019 жылдан бастап 10 және 11-сыныптар физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқиды. 

"2016 жылы ағылшын тілінде 2 мың ғана мұғалім сабақ берген болатын. Былтыр 11,5 мың мұғалім тиісті ағылшын курсынан өтуге өтініш білдіріп, олардың 3 мыңға жуығы даярлығын аяқтап, сабақ беруге кірісті. 8 мың мұғалім оқуын жалғастырып, қажетті деңгейге ауысуда. Осылайша, 2019 жылы 13,5 мың мұғалім төрт пәнді ағылшын тілінде беруді бастайды", – деген еді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев көктемде президенттің қабылдауында болған кезде.

Жаңалықтар
0