Әлем

Циркте өнер көрсететін аңдарды екі апта көлікке қамап кеткен

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрыстан
Арыстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арыстанның күшігі мен екі пудель мүшкіл хәлде табылды

АСТАНА, 20 маусым — Sputnik. Челябинск қаласында арыстанның күшігі мен екі пудель екі апта бойы көлікте қамауда болған.

Оларды мүшкіл хәлде жануар қорғаушылар тауып алды. Пудельдер алдыңғы орындықта, ал арыстанның күшігі кішкентай торда болған.

Арқар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы хайуанаттар бағындағы жануар дауылдың құрбаны болды

"Арыстанның күшігі, шамамен, жеті айлық. Екі аптадай қамауда болыпты. Көліктің терезесін сәл ашық қалдырған, сасық иіс мүңкіп тұр", — дейді "Спаси меня" жануарларды қорғау қорының президенті Карен Даллакян.

Даллакянның сөзіне сүйенсек, қорғаушылар жануарларды иелерінен тәркілеуді талап етпек. Кейінірек анықталғандай, Қазақстанға гастрольге бармақ болған цирк әртісі аңдарды көлікке тастап кетіпті.

"Таңертең иесі тағы екі итпен келіп, арыстанға тамақ берді, иттерді далаға алып шықты. Челябинск қаласында ветеринарлық жөнелтпе құжаттарды ресімдеумен айналысады", — деп жазды Даллакян жеке парақшасында.

"Қамаудан босатылған" аңдар жануарлар үйіне тапсырылыпты.

Жаңалықтар
0