Бүгінгі фотолентамыздағы суреттерге қарасақ, әлемнің түпкір-түпкірінен келген арулар сүйікті командаларын беріле жақтағанда ер-азаматтардан кем түспейді.
Олардың бал-бұл жанған жүздерін көріп, әлем чемпионатының нағыз көркі солар екенін еріксіз мойындайсыз.

Жанкүйер қыз Португалия-Испания матчы қарсаңында Олимпиадалық саябақтағы "Фишт"стадионы алдында.

Испания құрамасына жанкүйер болып келген ару басына гүлдесте тағып алыпты.

Ал мына бір қара торы сұлу Германия-Мексика матчын тамашалауға келіпті.

Кірпіктерін Бразилия туының түстеріне бояған бойжеткен ерекше сұлулығымен көзге түседі.

Үріп ауызға салғандай орыс қызы ұлттық құрамаға ұлттық нақышта қолдау көрсетіп тұр.

Франция еліне осындай көрікті қыз жанкүйер болса, қарсыластарын түгел ойсырататыны анық.

Ал Иран құрамасын жақтап отырған мына ару ойынға әбден беріліп кеткен екен.

Мына суреттің сүйкімдісін-ай! Осындай көркем қыздар Португалияны жақтауға келіпті.

Ресей мен Сауд Арабиясы құрамаларының матчын тамашалап отырған сұлу ару.

Сүйікті командасына қолдау көрсету үшін қыздардың ойлап таппайтыны жоқ.

Мексикалық ару қалпағымен есте қалады!

Ал мына фанат қыз кітапты көп оқып қана қоймай, әлем чемпионатын үзбей көретін сияқты.

Осындай айшықты мейкап жасаған қыздарды байқамау мүмкін емес.

Ресей құрамасының жанкүйері чемпионаттың символын басына киіп алыпты.
