Қоғам

Бірінші күн. Түлектердің алғашқы легі ҰБТ-ны қалай тапсырып шықты?

© Sputnik / Болат ШайхиновҰБТ
ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
ҰБТ тапсырып, арқасынан ауыр жүк түскендей жеңілдеп қалған түлектер тест сұрақтарының барлығы дерлік мектеп бағдарламасынан келгенін айтты

АСТАНА, 20 маусым – Sputnik, Нұргүл Абай. Бүгін Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Астаналық түлектердің алғашқы легі ҰБТ тапсырып шықты. Sputnik Қазақстан тілшісі 3 сағат 50 минутқа созылған сынақтың қалай өткенін білу үшін ҰБТ тапсырып шыққандармен тілдесті.

Оқушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Бір бала он телефонмен ұсталды". Қазақстанда ҰБТ қалай басталды?

Еуразия ұлттық университеті базасындағы пункте бүгін ҰБТ жоспар бойынша тоғызда емес, бір сағатқа кешігіп, онда басталды. Түлектердің алғашқы легі де сағат бірге таман аудиториядан шыға бастады. Таңғы сегізден университет алаңында жүрген жұрт оларды ду қол шапалақ ұрып қарсы алды.

Алғашқы болып шыққандардың бірі Артем есімді елордалық түлек. 

"Бәрі жақсы болды. Біздің аудиторияда шпаргалка, телефон қолданған адамды өз басым байқамадым. Бірақ амалын тапса, қолдануға, көшіруге мүмкіндік бар", — деп күлді ол. 

"Неге ерте тапсырып шықтың" деп сұрағанымызда, ҰБТ нәтижесі оған маңызды емес екенін айтты. Ата-анасымен Ресейге көшкелі жатыр екен, ал ҰБТ-ны өзінің білімін тексеріп көру үшін тапсырған.

"Жоғары баллдан үмітті емеспін, шекті балл аламын деп ойлаймын. Сұрақтардың бәрі мектепте оқығандарымыздан келді. Аудиториядағы бақылаушы апай да қатты қатал емес. Бірақ артық қимыл жасауға мүмкіндік берген жоқ", —дейді Артем. 

Айтуынша, ішке кірерде кейбір балаларды тексерушілер бес рет кері қайтарған. Өйткені металл рамкадан өткенде, жасырған телефондардан "сигнал" келе берген. 

"Менің қалтамда ештеңе болмаса да, металл детектор "шиқылдай" берді. Сөйтсем, костюмдегі темір ілгектен екен. Сол үшін екі-үш рет өттім. Кіргізерде біраз түлектен шпаргалка, телефон тәркіледі ", — дейді ол.

Оқушылар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ертең – ҰБТ. Министрлік соңғы жаңалықтарды жария етті

Ал одан кейін шыққан Екатерина есімді түлектің көңіл-күйі болмады, шаршағаны тағы бар. Айтуынша, тест сұрақтары қиын да, оңай да емес. Елу де елу дейді ол.  

"Сұрақтардың жартысы қиын, жартысы оңай болды. "Аспаннан түскен" сұрақтар кезікпеді, бәрі мектепте оқығанымыз. Бақылаушы да тым қатал деп айта алмаймын", — деді астаналық қыз. 

Десе де телефонды амалын тауып кіргізіп, қолданғандар да болған. Оны Дәурен есімді түлек айтты. Тіпті аудиториядағы ұялы байланысты бәсеңдеткіш құрылғыны екі рет өзі сөндіріпті. 

"Бәсеңдеткішті екі рет сөндірдім, менен басқасы сөндіре алмады өйткені. Шпаргалканы аз көрдім, көбісі телефонды қолданып қалуға тырысты. Телефон қолданған бір-екі адамды көзім шалды. Ал өз басым телефонсыз, шпаргалкасыз кірдім", — дейді ол. 

Дәуреннің айтуынша, сұрақтар қатты қиын болмаған. Шекті балл жинаймын деген үміттемін, дейді. 

Біз тілдескен түлектердің бәрі тест кітапшаларында шоу-бизнес өкілдері туралы сұрақтар кезікпегенін айтты.

Жаңалықтар
0