Спорт

Головкин баспасөз мәслихатында "Канелоны" мазақ етті – видео

© AP Photo / Kathy WillensГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баспасөз мәслихаты Лос-Анджелестегі Palm мейрамханасында өтті

АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатын өткізді, деп жазды prosports.kz. 

Баспасөз мәслихаты Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Palm мейрамханасында өтті. Жиынға келген қонақтарға арнайы VADA мақұлдаған тағамдар берілген.

Қазақстандық боксшының командасы осы әрекеті арқылы қарсыласы Альваресті мазақ етіп отыр. Себебі, мамыр айында өтуі тиіс жекпе-жек мексикалық боксшы допингпен ұсталып қалғандықтан кейінге қалдырылған еді. Сол кезде "Канело" қанынан тыйым салынған заттың табылуына ет себеп болды деп түсіндірген еді.

Жаңалықтар
0