Қоғам

Астанада "Нұрлы жер" аясында қанша пәтер пайдалануға берілді?

© Photo : Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана қаласы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда алда келеді

АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынып жатқан үйлердің 23 %-ы Астана қаласында орналасқан, бұл аймақтар арасында алғашқы қатардан көрінуге мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Астана әкімдігіне биыл бюджеттен 18,7 миллиард теңге мемлекеттік инвестиция бөлінген. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асыруға – 12,9 миллиард теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 5,8 миллиард теңге қарастырылды.

Үй - Sputnik Қазақстан
Экономика
Сенатор "Нұрлы жер" бағдарламасындағы түйткілді мәселелерге назар аударды

2018 жылдың құрылыс секторына қаңтар-мамыр айларында 1072,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жылдық жоспар 2 362 мың шаршы метр, бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлердің 23 %-ы Астана қаласында орналасқан, бұл аймақтар арасында алғашқы қатардан көрінуге мүмкіндік беріп отыр.

Қаңтар-мамыр қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 148, 9 миллиард теңгені, НКИ – 77,2 %, жылдық жоспар 661,5 миллиард теңгені құрады. Оның үлесіне республика бойынша құрылыс жұмыстарының шамамен 17,3 % кіреді.

Тұрғын үй құрылыс саласына тартылған инвестицияның шамамен 26,4 % Астананың үлесіне тиесілі. Қаңтар-мамыр аралығында 103,4 миллиард теңгені құрайтын инвестиция тартылған, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 92,8 % деп көрсетті. 

Тұтастай алғанда, Астанада жалпы салынған пәтердің 42,2 %-ы тұрғын үй қорына енгізіліп, пайдалануға берілді.


Жаңалықтар
0