АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Жеңілмеген қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық қарсыласы Сауль "Канело" Альварес пен оның өкілдері адамды сыйлаудан қалғанын мәлімдеді, де жазды Sports.kz.
SecondsOut журналисі Головкиннен: "Канелоның" командасы тарапынан сый-құрметті сезіндің бе? Жалпы, келісімге қалай қол жеткізілді?" деп сұрады.
"Енді бәрі басқаша. Меніңше, ол құрметтің не екенін білмейді. Өзі ғана емес, командасы да адамды сыйлаудан қалған", — деп жауап берді GGG.
Бұған дейін Головкин қарсыласына деген сыйластық сезімін жоғалтып алғанын айтқан еді.
Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.