Әлем

Қаскөйлер үйге баса-көктеп кіріп, барлығын шетінен кескілей бастаған

© AFP 2024 / BULENT KILICЖедел жәрдем көлігінің архивтегі фотосы
Жедел жәрдем көлігінің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаскөйлер ешқандай талап қоймаған: олар тұрғындардың денесін кескілеп, содан кейін жай ғана кетіп қалған

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Арменияда белгісіз екі адам 62 жастағы ерлі-зайыптының үйіне баса-көктеп кіріп, отбасындағы барлық адамды шанышқылы-кескіш заттармен тілгілеп тастаған, деп хабарлады Sputnik Армения. 

Орамал, той туфлиі - Sputnik Қазақстан
Жігіт қыз алып қашып, кейін оны полиция бөлімшесінде пышақтап тастады

Shamshyan.com сайтының мәліметінше, шабуыл салдарынан ерлі-зайыпты мен 20 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды.   

Қанды оқиға өткен аптада жұмадан сенбіге қараған түні Арменияның Арарат облысында болған. Қаскөйлер ешқандай талап қоймаған: түнгі сағат екінің кезінде үйге баса-көктеп кіріп, тұрғындарға бас салған, содан кейін үйден ештеңе алмастан шығып кеткен.   

Зардап шеккендер тірі – дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін ажалмен арпалысып жатыр. Ал полиция қылмыскерлердің кім екенін және мұндай қадамға не үшін барғанын анықтауда. Тергеу жүргізілуде.   


Жаңалықтар
0