АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. XXXTentacion деген атпен белгілі америкалық рэперді біреу атып өлтірді, деп хабарлайды TMZ порталы.
Белгілі болғандай, 20 жастағы Джасей Дуэйн Онфрой мотоцикл сатып алып жатқан. Көлігіне отырғанда, бетперде киіп, қаруланған екі жігіт оған жетіп келіп, біреуі Онфройға оқ атады. Сосын екеуі де қашып кеткен. Рэпердің көлігінен Luis Vuitton сөмкесі де жоғалып кетіпті.
Ес-түссіз жігітті ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін арашалап қала алмады.
rt if you love #xxxtentacion Like if you miss him already… pic.twitter.com/cw0Pnwb0t7
— RIP XXXTENTACION (@Jayecane) 18 июня 2018 г.
Порталдың жазуынша, рэпердің проблемалары мен кикілжіңдері көп болыпты. Оның ішінде, аяғы ауыр құрбысына зорлық-зомбылық жасағаны үшін үй қамаққа алынған екен. Бұдан бөлек, куәгерлерге ауызбастырық беріп, сатып алғаны үшін де қылмыстық іс қозғалған.
Соған қарамастан судья оған концерттік турға аттануға рұқсат беріпті.
Канье Уэст әртістің қазасына байланысты көңіл айтты.
rest in peace 🙏🙏🙏 I never told you how much you inspired me when you were here thank you for existing pic.twitter.com/QU7DR3Ghbw
— KANYE WEST (@kanyewest) 18 июня 2018 г.