АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Каспий теңізінде жағалаудан алыстап кеткен екі балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖ жөніндегі департамент баспасөз қызметі.
"Оқиға 2018 жылдың 17 маусымында Каспий теңізінің жағалауында болған. Резина қайыққа мінген екі адам жағалаудан төрт-бес шақырымдай алыстап кетіп, өз беттерімен қайта алмаған. Қатты соққан жел қайықты ұшырып әкетіп, ашық теңізге шығарып жіберіпті", — деп хабарлайды ТЖ қызметі.
Құтқарушылар балықшыларды жағаға алып шығып, Ақтау қаласына жеткізіп салды.