Экономика

Қазақстандық балық консервісінен қауіпті зат табылды

© Sputnik / Андрей Александров / Медиабанкке өтуШпрот
Шпрот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балық өнімінен табылған зат гендік деңгейде мутацияны қоздыруы мүмкін

АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау қызметі (Россельхознадзор) қазақстандық кәсіпорын өніміне қатысты лабораториялық бақылауды күшейтті.

Зертхана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда балмұздақтан ішек инфекциясының қоздырғышы табылды

Ведомство мәліметінше, зертханада "J.F.M. company" ЖШС қазақстандық балық өнімін шығарушы кәсіпорынның өнімдері тексерілген. Зерттеу барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Ресей талаптарының бұзылғандығы анықталды: шпрот майында бензапирен табылыпты.

Соған байланысты Россельхознадзор осы компанияның өнімдерін жеткізуге қатысты лабораториялық бақылауды күшейтуге шешім қабылдады.

Бензапирен – канцерогендік қосылыс әрі гендік деңгейде мутацияға ұшыратуы мүмкін.

Жаңалықтар
0