Әлем

40 жастағы ер адам анасының жерлеу рәсімінде құлап өлді – видео

© Sputnik / Максим МасловАуруханадағы зембіл, архивтегі фото
Ауруханадағы зембіл, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Индонезия тұрғыны анасының жерлеу рәсімінде көз жұмды, оның басына марқұмның табыты құлап кетті

АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Индонезияда жерлеу рәсімі кезінде қайғылы оқиға болды: табытты көтерген бір топ адам сатыдан құлап кетіп, 40 жастағы ер адам көз жұмды.   

Азалы рәсім 15 маусым күні Сулавеси аралында өтті, деп жазды Kabar News.

Бір топ ер адам қаза болған әйелдің табытын арнайы тұғырға сатымен шығармақ болған. Дегенмен саты тайып кетіп, адамдар жерге құлаған, ал табыт марқұмның ұлының басына түскен.    

Ер адам аурухана бара жатқанда көз жұмды. Тағы бірнеше адам жарақат алды.   

Жаңалықтар
0