Оқиға бейсенбі күні кешке болды. Анталия — Киев 4406 рейсі қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Видео авторының айтуынша, ұшақтағылардың барлығы "өлімге дайын болған".
"Біз бұлтқа кіріп кеттік. Әйеліме: "қазір біз апатты жағдайда қонамыз немесе басқа аэродромға жібереді" дедім. Қону кезінде ұшақ қатты тербеліп кетті. Шамамен екі минуттан кейін өрт сөндірушілер келді ", — деді ТСН арнасына куәгерлердің бірі.
Бортта 169 жолаушы болған, олардың ешқайсы зардап шекпеді.