АСТАНА, 16 маусым — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Канадада "Үлкен сегіздік" саммиті кезінде түсірілген фотоға қатысты пікір білдірді.
Фото G7 елдері басшыларының бет-әлпеттерінің арқасында әлеуметтік желіні біраз шуалтқан еді.
"Ангела Меркельмен қарым-қатынасымыз өте жақсы, бірақ өтірікші БАҚ келіссөз барысындағы нашар суреттерді жариялап, АҚШ-тың бірде-бір президенті сұрамайтын дүниені талап етіп отырғанымдай көрсетеді!" — деп жазды Трамп Twitter парақшасында.
I have a great relationship with Angela Merkel of Germany, but the Fake News Media only shows the bad photos (implying anger) of negotiating an agreement — where I am asking for things that no other American President would ask for! pic.twitter.com/Ib97nN5HZt
— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) 15 июня 2018 г.
АҚШ басшысы G7 саммитіндегі жақсы шыққан суреттерді жариялады.
G7 саммиті 8-9 маусымда Квебек қаласында өткен. Бастапқыда қатысушы елдер ортақ коммюнике қабылдады деп айтылды, алайда Трамп кейінірек бұл құжатты қолдамайтынын мәлімдеді.