Оқиға

Оңтүстік Қазақстанда ер адам өз әйелін тұншықтырып өлтірді

© Sputnik / Табылды КадырбековТұрмыстық зорлық-зомбылық
Тұрмыстық зорлық-зомбылық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарасу ауылында суармалы каналдан 20 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылында суармалы каналдан 20 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда жас жігітті өз ауласында өлтіріп кетті

Сот медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша әйел суға тұншығып өлген. Сондай ақ, оқиғаның қасақана кісі өлтіру екендігі анықталды. 

ОҚО, Сайрам аудандық ІІБ қызметкерлері жүргізген тергеу кезінде марқұмның күйеуі күдікті деп танылған. Азаматтық некедегі күйеуі кінәсін толық мойындады. 

Күдіктінің айтуынша, әлеуметтік бағдарлама арқылы солтүстікке көшу туралы ұсынысы әйеліне ұнамай қалған көрінеді. Сөйтіп, бір шешімге алмаған ерлі-зайыптылар көшеде төбелесіп, каналға құлап кетеді. Ол азаматтық некедегі жарын құтқарғысы келгенімен, әйел күйеуінен қашып, ағыспен жүзген.

Сот азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікпен ер адамды екі айға қамауға алу туралы санкциялық шешім шығарды.

Жаңалықтар
0