Әлем

Аспаннан асыл тастар жауған күн

© REUTERS Гавай аралдары
Гавай аралдары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гавай аралдарында Килауэа жанартауы атқылағаннан кейін жасыл түсті тастар жауа бастаған

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Килауэа жанартауы атқылағаннан кейін Гавай аралдарына жартылай асыл тастар жауған.

Жергілікті тұрғындар көшелер мен жағажайлардан оливин тастарды тауып алыпты. Килауэа жанартауы атқылауы салдарынан тау жынысында сақталған жасыл түсті тастар босап шықса керек.

Бұл оливиннің бір түрі — перидот (хризолит) тастары. Көптеген ғасырлар бойы асыл бұйымдар жасау үшін пайдаланылған. Қазір де перидоттың бір караты 450 доллар тұрады, деп жазады The Daily Mail.

​"Досым Гавай аралдарында атқылаған жанартауға жақын маңда тұрады. Жанартау атқылаған кезде, оливин тастарының ұсақ қиыршықтары бүкіл жерге шашылған. Жаңбыр сияқты жауыпты. Табиғаттың тылсым құдіреті ғой", — деп жазды метеоролог Эрин Джордан.

Жаңалықтар
0