АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Қазақстандағы Ресей елшілігінде "Ресей мен Қазақстан: халықтар достығы, Президенттер достығы" атты Sputnik агенттігі ұйымдастырған фотокөрме өткізілді.
Ресей Федерациясы күніне орай Астанада Ресейдің дипломатиялық өкілдігінде қос ел президенттерінің суреттерінен көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің 2000 жылдан бастап қазіргі кезге дейінгі суреттері қамтылған.
Қос ел президенттері жылына орта есеппен 15-16 рет кездеседі. Осыны ескерсек, аталған жылдар аралығында Назарбаев пен Путин кем дегенде 150 кездесу өткізіпті, бұл қос мемлекеттің тығыз қарым-қатынасы мен ынтымақтастығының ғана емес, көшбасшылардың адал достығының белгісі.
Sputnik суреттерінде екі мемлекет басшысы негізінен ресми ортада, дегенмен кездесулер әр түрлі жерлерде, қалалар мен елдерде болған.
35 суретте кеш қонақтары хаттама кадрларын ғана емес, кездесулердің хронологиясы мен географиясына куә болды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің өзара ынтымақтастығының шынайы көрінісін байқады.
Әсіресе, 14 жыл бұрын түсірілген сурет көрермендердің ерекше қызығушылығын оятады, онда президенттер ұшақта ЕАЭО пен ҰҚШҰ саммиттерін талқылап келе жатыр.
Тағы бір кадрда мемлекет басшылары Юрий Гагарин 1961 жылы ғарышқа аттанған №1 алаңқайда тұр.
Сирек кездесетін суреттердің бірінде қос президент Алматыдағы "Шымбұлақ " таң шаңғысы базасына демалысқа барған.
Sputnik фотокөрмесін дипломатиялық корпус қызметкерлері, Қазақстан парламенті депутаттары, екі елдің қоғам қайраткерлері тамашалады.