АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Маңғыстау облысында ер адам жасөспірім қызға үйлену үшін алып қашты.
Шетпе ауылының 21 жастағы жігіті сол ауылда тұратын жасөспірім қызды алып қашқан. Бойжеткен желтоқсан айында 16-ға келеді екен.
"Тумба" жергілікті басылымы жазғандай, оқиға сәуірде болған, алайда құқық қорғау органдары жақында ғана біліп отыр.
Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 125-бабы бойынша адам ұрлау үшін төрт жылдан жеті жылға дейін сотталады. Ал 16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түскені үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазақстанда әйелдер мен ерлердің некелесу жасы – 18 жас.