Қытай Халық Республикасының төрағасы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты аға деп атаған.
"Төраға Си Цзиньпинмен өзара сенімді қарым-қатынас орнатқанбыз. Қазақстан мен маған қаншама көп жылы сөздер айтты. Тіпті жалпы келіссөздер кезінде мені аға деп атады. Осындай ел басшысының ағасы болу қалай екен?", — дейді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға 6 маусымда мемлекеттік сапармен барып, үш күн болды. Іссапар қорытындысы бойынша өткен брифингте Елбасы атап өткендей, Си Цзиньпин Абай Құнанбаевтың 37-ші қара сөзінен үзінді айтыпты.