Өңірлер

Алматыда жедел жәрдемге жол бермей қойған жүргізуші әйел жазаланды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жедел жәрдемге жол бермеген әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ, 14 маусым — Sputnik. Интернет ресурстарды бақылау барысында табылған видеоматериалда Nissan көлігі жедел жәрдемге жол бермей қойған, деп хабарлайды Алматы қаласы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Райымбек даңғылында Өтеген батыр көшесіне жетпей жол апаты болды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда бағдарлы микроавтобус кептелісте тұрған көлікке соғылды

Видеоны көргеннен соң тәртіп сақшылары тексеру жүргізіп, жүргізушінің кім екенін анықтады.

"1973 жылы туған К. есімді азаматша. Қабылданған шаралар бойынша, қосулы сигналмен келе жатқан жедел қызмет көлігіне жол бермегені үшін әйел адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", — деп мәлімет берді жергілікті полиция қызметі басшысы Жасұлан Байкенов.

ІІД хабарлағандай, әйел адамға 10 АЕК, яғни 24 мың 50 теңге айыппұл салынған.

Видеода жедел жәрдемнің жол беруді сұрағанын жүргізушінің елемей қойғаны анық көрінеді.

Жаңалықтар
0