Өңірлер

Қасымов ең "ішкіш" облыстарды атады

CC0 / jarmoluk / Ішімдік
Ішімдік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ІІМ басшысының мәліметінше, Қазақстанда барлық қылмыстың 14 проценті мас күйінде жасалған

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ішімдіктің кесірінен жиі қылмыс жасалатын өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полиция, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қасымов Қазақстанда қандай қылмыс түрі ең көп таралғанын айтты

"Елiмiзде iшiмдiкке салыну, отбасылық-тұрмыстық салада қылмыс жасау азаймай тұр. Қазiргi таңда учаскелiк полиция инспекторларының профилактикалық бақылауында 67 мың iшiмдiкке салынған азамат пен 10 мыңнан астам нашар отбасы бар. Мұндай отбасыларда 15 мың бала тәрбиеленiп жатыр. Әдетте, нашар отбасылардағы жанжал адам өлiмi мен басқа да тұрмыстық қылмыстарға әкеп соғады. Елiмiзде 2-3 аса ауыр қылмыс тiркелмеген бiр күн болмайды. Әдетте олар отбасылық-тұрмыстық салада iшiмдiкке салынған адамдар арасында болады. Елiмiздегi барлық қылмыстың 14 процентінің себебi – iшiмдiк", — дедi Қасымов халыққа есеп беру кездесуінде.

Осы орайда министр мас күйiнде жасалған қылмыс деңгейi ең жоғары өңiрлерді атады. 

"Ең жоғары деңгей Ақтөбе облысында байқалып отыр – 28%, Қостанай облысында –  25,5%, Павлодар облысында – 22%, Маңғыстау облысында – 20% және Ақмола облысында –19,5%. Әрине, бiз бақылауды күшейтiп, учаскелiк инспекторлардың жұмысын жетiлдiрiп жатырмыз. Осы салада әкiмдiктермен бiрiгiп, сәйкес шаралар қабылдаудамыз. Мұның басты проблемасы мекемелер саны тым аз әрi адамды емдеуге жiберу үшiн тым көп құжат талап етiледi. Осы мәселенi шешу керек", — дедi министр.

Жаңалықтар
0