Қоғам

Анна Семенович Мәдина Сәдуақасовамен неге суретке түспей қойғанын түсіндірді

© SputnikБАҚ өкілдерінің архивтегі фото
БАҚ өкілдерінің архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік әртіс сахнада қатты тоңып қалғандықтан, суретке түсетіндей шамасы болмағанын айтты

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Анна Семенович Мәдина Сәдуақасовамен неліктен суретке түспегенін түсіндірді. Ресейлік актрисаның видео үндеуін қазақ әншісі Instagram-дағы парақшасында жариялады.   

"Құрбым Мәдина қоңырау шалып, мені қандай да бір әдепсіз әрекетім үшін айыптап жатқанын айтты. Білесіздер ме, мен Астанаға ақ ниетпен келдім. Таңертеңнен бастап онкологиялық орталықтағы балалардың жанында болдым, әрқайсына көңіл бөліп, суретке түстім. Сеніңіз, көптеген ауру бала жатқан орталыққа келу адамға оңай соқпайды. Олардың әрқайсы сауығып кеткенін қатты қалаймын. Сондықтан әр балаға көмектесуге тырыстым. Сол кеште құрбым Мәдинамен суретке түспеуімнің себебі, сахнада қатты тоңып қалдым. Астанада күшті жел соғып тұрды, мен жеңіл киінген едім. Мұрным қызарып, суретке түсетіндей шамам болмады", — деді Анна Семенович. 

 

 

Еске салайық, бірнеше қазақстандық БАҚ Анна Семеновичтің бұл әрекетін сынға алып, Мәдина Сәдуақасованы ыңғайсыз жағдайға қалдырды деп жазған болатын.  


Жаңалықтар
0