Қоғам

Депутаттар мұғалімдерді ҰБТ процесінен босатуды сұрады

Жазылу
Мәжілісменнің пікірінше, мұғалімдерді қолайлы жұмыс күші ретінде түрлі шараларға қатыстыру ұстаз мәртебесін төмендетеді

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Бүгін мәжілісте премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдаған халық қалаулысы Ирина Смирнова мұғалімдерді ҰБТ-ны ұйымдастыру процесінен босату қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Мектептегі жөндеу жұмысы кезінде мұғалім күйіп қалды

"Мұғалімнің мәртебесі мен оның қоғамдағы орны парламент пен қоғамда талай рет талқыланды. Алайда білім және ғылым министрлігі мен әкімдіктердің мұғалімдерге қолайлы жұмыс күші ретінде қарауы мектептің өнегелік құндылықтарын бұрмалауға әкеп соғып отыр. 2017 жылдан бастап түлектердің қорытынды аттестациясы мен мектеп емтиханын өткізудің жаңа форматы енгізілді. Мектеп бітіруге орайластырылған шаралар аттестат тапсырумен тәмамдалады. Осылайша мектеп пен оқушы арасындағы ресми өзара қарым-қатынас та сонымен аяқталады",- деді мәжіліс депутаты Ирина Смирнова. 

Десек те, мәжілісменнің айтуынша, бұрынғы түлектерге қатысты ешқандай функционалдық құқықтары мен міндеттері қалмаған мұғалімдер абитуриенттерді ҰБТ пунктеріне жеткізуге жауапты болады. 

Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

"Осыған қатысты біз 2017 жылы депутаттық сауал жолдадық. Бізге берілген жауапта білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мұғалімдерді 2018 жылғы ҰБТ-ны өткізуді ұйымдастыру процесінен босатуды пысықтап жатқаны жазылды. Алайда аталған мәлімдеме сөз жүзінде қалып отыр. Процесс биыл да қайталануда. Мектепке, мұғалімдерге деген осындай қарым-қатынас заңсыз болып табылады, осыдан мұғалімнің мәртебесі төмендейді. Білім және ғылым министрлігі, әкімдіктер бір нәрсені мойындауы керек: ҰБТ тапсыруға деген ниет, оған қатысу және тестілеу нәтижесі – бұл әрбір абитуриенттің жеке ісі", — деген ол педагогтарды ҰБТ ұйымдастыру процесінен босату қажеттігін айтты. 

"Жоғарыда айтылғандарға байланысты мектеп мұғалімдерін ҰБТ ұйымдастыру міндетінен босату, ұстаздардың еңбегін олардың қызметіне тән емес жұмыс түрлеріне пайдалануды тоқтату қажет деп санаймыз. Сондай-ақ, әкімдіктер ҰБТ нәтижесімен мектептердің рейтингін жасау тәжірибесін тоқтатуы керек", — деп түйіндеді депутат.


Жаңалықтар
0