АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жаңа мереке – Ұлттық домбыра күні енгізілгенін жариялады.
Ақорданың сайтында жарияланған жарлыққа сәйкес, жаңа мереке қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында енгізіліп отыр.
Ұлттық домбыра күні шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді. Яғни бұл мереке биыл 1 шілдеге сәйкес келіп тұр.
Жарлықты іске асыру үкіметке тапсырылды, ал жарлықтың орындалуын Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі бақылайды.