Қоғам

"Біз мұны күтпеп едік". Қазақстандықтар Мысырға ағылып жатыр

© РИА Новости / Медиабанкке өтуХеопс пирамидасы
Хеопс пирамидасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осымен екінші жыл қатарынан Мысыр еліне демалуға баратын қазақстандықтар саны артқан

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының төрайымы Инна Рей қазақстандықтар туристік маусым кезінде көбіне қай елге саяхаттайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Турист, тау - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Адал жұмыс істейтін турагенттіктердің тізімі жасалады

"Біз үшін, шындығына келсек, тікелей рейс бар елдер "тренд" саналады. Мұндай бағыттардың көш басында, әрине, Анталья. Бірақ, осымен екінші жыл қатарынан Мысырға саяхаттайтындар саны артты. Шыны керек, біз мұны ешқашан күтпеп едік. Дегенмен бұл Мысырдағы баға саясатына байланысты, қаржы жағынан қиналатын азаматтарға осы елге барған тиімді.  Сонымен қатар, Еуропада да көптеген жаңа бағыт бар. Біз қазір туристерге круиздерді де ұсынып жүрміз. Жалпы әлемдегі жаңалықтардан әрдайым хабардар болып жүрген дұрыс, өйткені туристік әлемдегі кез келген оқиға бізге де әсер етеді", — деді Рей "қазақстандықтардың шетелдегі қауіпсіз демалысы" тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында. 

Айта кетсек, 2016 жылдың аяғында шет елдерде қазақстандық туристердің құқықтарын кепілдендіру және қорғау мақсатында "Туристік Қамқор" корпоративтік қоры құрылды. Қор қиын жағдайда қалған қазақстандық туристердiң елге оралуына кепiлдiк бередi.

Турагенттік арқылы шетелге саяхатқа шығуға бел буған әрбір қазақстандық туроператорлардан өзінің арнайы жеке туркодын талап етуі тиіс. 

Димаш Құдайбергенов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайберген туризм елшісі болды

Туркод 11-13 (шығатын елге қатысты) қаріптік-сандық символдан тұрады. Ол әр жолдаманы рәсімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Бұл шифр әрбір турист үшін маңызды. Туркод "Туристік Қамқор" қоры турларының электронды реестрінде сақталады. Шетелге шыққан турист аяқ астынан қиын жағдайға тап болса, қормен байланысып, өзінің туркодының нөмірін хабарлайды. Осыдан кейін аталған қор Қазақстан азаматына тиісті көмекті көрсетеді. Туркод жеке парақпен немесе жолдамаға жазылып берілуі мүмкін. 

Айта кететін жайт, туроператордың көмегінсіз өз бетінше шетелге шыққан туристе туркод болмайды.


Жаңалықтар
0