Қоғам

Зағипа Балиева қызметінен босатылды

© Sputnik / Болат ШайхиновЗағипа Балиева
Зағипа Балиева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда балалар омбудсмені ауысты: енді балалар құқығын сенатор Сәуле Айтпаева қорғайды

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Сәуле Айтпаева Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.

Зағипа Балиева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Зағипа Балиева әлеуметтік желілерде қауіпті топтар пайда болғанын ескертті

"Мемлекет басшысының өкімімен Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды", — деп жазылған Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Қазақстан президентінің тағы бір өкімімен Зағипа Балиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды.

Айта кетейік, парламент сенатының депутаты Сәуле Айтпаева бұған дейін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрайымы қызметін атқарған.


Жаңалықтар
0