Әлем

Атақты тау шаңғышысы 19 айлық қызынан айырылып қалды

CC0 / / Жедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция трагедияның мән-жайын анықтап жатыр

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. АҚШ-тың 40 жастағы тау шаңғышысының 19 айлық қызы Эмелин бассейінге батып кетті, деп хабарлады Новости России 24.

Жедел жәрдем көлігі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда ер адам емхананың егу кабинетінде көз жұмды

Дәрігерлер қыздың өмірін ажалдан арашалап қала алмаған. Бұл ақпаратты спортшының өзі де растады. Төрт дүркін әлем чемпионы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына қызының суреттерін жүктеді.

"Біз қайғыдан қан жұтып отырмыз. Қызымыз Эмми кеше көз жұмды. Оның махаббаты, оның нұры, оның рухы ешқашан ұмытылмайды. Отбасымыз осынау қиын сәтте біздің жеке өмірімізді құрметтеуді сұрайды", — деп жазды Миллер. 

Қызды Ориндж округінің ауруханасына жеткізген, дәрігерлер оның өмірі үшін бір тәулік бойы арпалысты. Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.   


Жаңалықтар
0