Экономика

Тимур Сүлейменов: Қазақстанда орташа айлық жалақы 152 мың теңгеден асты

© SputnikТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орташа айлық жалақы нақты көріністе 1,2%-ға өскен, алайда жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалды

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Қазақстанда орташа айлық жалақы 152,3 мың теңгені құрады, деп хабарлады ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев мемлекеттік қызметшілердің жалақы мәселесін шешуді тапсырды

Сүлейменовтің мәліметінше, жоғары өндірістік белсенділік еңбек нарығындағы көрсеткіштерге оң әсер еткен. Биылғы жылдың басынан бері 134,8 мың адам жұмысқа орналастырылған. Сонымен бірге сәуірде жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалып, 4,9%-ды көрсеткен. 

"Жалақы үдемелі қарқынмен өсіп жатыр. Биылғы жылдың қаңтар-сәуірінде орташа айлық жалақы 152,3 мың теңгені құрап, нақты көріністе 1,2%-ға өсті", — деді Сүлейменов үкімет отырысында.

Министр сондай-ақ биылғы жылдың қаңтар-мамырында ЖІӨ өсімі 3,9%-ды көрсеткенін атап өтті. Экономиканың көтерілуіне инфляциялық процестердің баяулауы мен жоғары инвестициялық белсенділік ықпал еткен.  

Инфляция жыл басынан бері 2,4%-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9 процентке төмен.   


Жаңалықтар
0