Қоғам

Илья Ильин Назарбаевпен болған әңгіме туралы айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновИлья Ильин
Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ильиннің сынамасынан допинг табылып, споршы екі жылға шеттетілген болатын

АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин үлкен спортқа қайтып оралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгін Астанада қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин үлкен спортқа қайтып оралуына байланысты БАҚ өкілдерімен кездесті.

Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралмақ

"10 маусымды асыға күттім. Кеше көңіл-күйім көтеріліп, жақсы сезімде болдым. Себебі сүйікті ісіме қайта оралып отырмын, бұған өте қатты қуаныштымын. Маған қолдау көрсеткен барша қазақстандыққа зор алғыс айтамын", — деп бастады сөзін Ильин ОКҚ-де өткен баспасөз мәсихатында. 

Осы орайда ауыр атлет рухани әкесі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын жеткізді. 

"Мен үнемі халық немесе президент деп ойланып қаламын. Бүгін мен рухани әкем Нұрсұлтан Әбішұлына алғыс айтқым келеді. Басыма қиын күндер туғанда, өткен жылы, біз онымен "ЭКСПО" көрмесінде кездестік. Ол мені қасына шақырып "Барлығы жақсы, сен мен үшін чемпионсың. Уайымдама, барлығы жақсы болады, мен саған сенемін" деді. Президенттің бұл сөздері шынымен үлкен қолдау болды, мен оған ризамын. Ол кісі мен үшін тек президент қана емес, жаныма жақын адам. Маған әрдайым қолдау көрсетіп келеді", — деді спортшы. 

Ильин екі жыл ішінде ағылшын тілін жетік меңгеруге тырысқанын атап өтті. 

"Осы уақыт аралығында ағылшын тілін жақсарттым. Сол үшін Америкаға да барып келдім", — деді ол. 

Еске сала кетсек, Илья Ильиннің сынамасынан допинг табылып, 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылған еді. Ауыр атлетті спорттан шеттету мерзімі осы жылдың 10 маусымында аяқталды.

Жаңалықтар
0