АЛМАТЫ, 11 маусым — Sputnik. Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған Екатерина Клименко жоғалып кетті, қызды бес күннен бері іздеп жатыр.
Бойжеткен 6 маусымда үйінен кетіп қалған, соңғы рет Атакент, MEGA Alma-Ata ауданында Абай және Алтынсарин көшелері қиылысында көрген.
7 маусымда ата-анасы Ботсандық АІІБ-не арыз беріпті.
"Клименко Екатерина Романовна, 12.08.2002 жылы туған. Бойы — 155-160, дене бітімі орташа, шашы сары, иығына дейін. Ашық түсті "жыртық" джинсы, қара футболка, шақпақ жейде киген. Жасыл түсті сурет бейнеленген сұр жолдорбасы бар", — деп жазды қыздың анасы Оксана Клименко әлеуметтік желіде.
Қандай да бір ақпарат білген жандар бойжеткеннің ата-анасына +77753065594, +77022897171 немесе полицияға 102 хабарласа алады.