Спорт

Қанат Ислам ауруханаға түсіп қалды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚанат Ислам
Қанат Ислам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Боксшының жарақатына байланысты 23 маусымға жоспарланған жекпе-жек өтпейтін болды

АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20КО) аяғын жарақаттап алды. 

Боксшы 23 маусымдағы жекпе-жектің неге өтпейтінін түсіндірді, деп жазады Профи Бокс Казахстана

"АҚШ-тағы жаттығу жиынында аяғымды жарақаттап алдым. 23 маусым күні рингке шығуым керек еді. Қарсылас бар. Алайда, өкінішке қарай, менің жанкүйерлерім бұл жекпе-жекті көре алмайды. Аяғым жазылғаннан кейін бірден ораламын. Шамамен 2 айдан кейін. Жанкүйерлерім рингке шығуымды ұзақ күткенін білемін", — деді ол.

Еске сала кетсек, 23 маусым күні Лос-Анджелесте Қанат Ислам мексикалық Фернандо Каркамоға (23-8, 18КО) қарсы жекпе-жек өткізуі тиіс болатын.

Жаңалықтар
0