Өңірлер

Астанадан Шалқар және Имантау көлдеріне дейін электр пойызы іске қосылды

© Photo : региональная служба коммуникацийҚазақстанда Астана – Володарское бағдарлы электр пойызы іске қосылды
Қазақстанда Астана – Володарское бағдарлы электр пойызы іске қосылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Электр пойызы Астанадан Володарское станциясына дейін жұма және жексенбі күндері қатынайтын болады

ПЕТРОПАВЛ, 11 маусым — Sputnik. Қазақстанда Астана – Володарское бағдарлы электр пойызы іске қосылып, соның арқасында Астана тұрғындары Айыртау ауданына тікелей жетіп, Шалқар және Имантау көлдерінде демала алады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Бұл біздің станция арқылы өтетін алғашқы электр пойызы. Осы бағдардың ашылуының арқасында өңір тұрғындары Астанаға жиі қатынай алады. Сонымен бірге тарихы бай әрі туризмімен танымал ауданымызға туристер тартуға септігін тигізеді", — деп атап өтті Айыртау ауданы әкімі Бейбіт Исманов.

© Photo : региональная служба коммуникацийҚазақстанда Астана – Володарское бағдарлы электр пойызы іске қосылды
Қазақстанда Астана – Володарское бағдарлы электр пойызы іске қосылды - Sputnik Қазақстан
1/2
Қазақстанда Астана – Володарское бағдарлы электр пойызы іске қосылды
© Photo : региональная служба коммуникацийҚазақстанда Астана – Володарское бағдарлы электр пойызы іске қосылды
Қазақстанда Астана – Володарское бағдарлы электр пойызы іске қосылды - Sputnik Қазақстан
2/2
Қазақстанда Астана – Володарское бағдарлы электр пойызы іске қосылды
1/2
Қазақстанда Астана – Володарское бағдарлы электр пойызы іске қосылды
2/2
Қазақстанда Астана – Володарское бағдарлы электр пойызы іске қосылды

Володарское станциясы басшысы Алмас Кенжикеев айтқандай, бұл электр пойызы аптасына екі рет жұма және жексенбі күндері қатынайды. Болашақта күнде аттанып тұруы мүмкін.

Электр пойызы әрқайсысында 376 орын бар алты вагоннан тұрады, жолаушылар санына байланысты тағы екі вагон қосылуы мүмкін. Астанадан Володарское станциясына дейінгі жолға кететін уақыт — 5 сағат 35 минут, бағасы: 1-класс – 1 943 теңге, 2- класс – 1 810 теңге, 3- класс —1 504 теңге.

Жаңалықтар
0