АСТАНА, 10 маусым — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында синоптиктер қатты жел тұрып, бұршақ жауады деп болжап отыр.
Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін.
Бұл күні облыс орталығы Петропалда да солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с-қа жетеді. Найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның солтүстігінде бірнеше күннен бері қатты жел тұрып жатыр. Аяқ астынан жаңбыр жауып кетіп, соңы бұршаққа ұласуда, жел күшейіп тұр.
Мамандар жел тұрған кезде көшедегі бағандар мен ағаштардан, жарнама қалқандары мен электр сымдарынан аулақ жүруге кеңес береді. Терезені қымтап жабу керек.
Құрылыс нысандарына құрылыс-монтаж жұмыстарын шектеуге кеңес беріледі. Төтенше оқиға туындаған жағдайда 112 телефонына хабарласу керек.