КӨКШЕТАУ, 10 маусым – Sputnik. Көкшетауда жеңіл көлік жүргізушісі электр тарату бағанына соғылып, автокөлікті зақымдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Оқиға 8 маусым күні облыс орталығындағы Қуанышев көшесінде болған. Алдына ала мәлімет бойынша, иномарка жүргізушісі рөлге ие бола алмай, электр тарату желісімен соқтығысқан. Қатты соққыдан баған тұрақта тұрған автокөлікке құлаған.
Ақмола ішкі істер депаратментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.