АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. 1986 жылы Ауғанстанда құлатылған ұшақтың аман қалған ұшқышының аты-жөні белгілі болды.
"Ол Баграмдағы Су-25 шабуылдау әуе полкінің екінші авиация эскадрильясының аға ұшқышы, аға лейтенант Александр Баранов болуы мүмкін ", — деді РИА Новостиге "Әскери бауырластық" ардагерлер ұйымы басшысының орынбасары Вячеслав Калинин.
Калининнің айтуынша, 32 жыл бұрын жоғалған ұшқышты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 80 жылдары Пәкістандағы әскери тұтқындарға арналған лагерлердің біріне түсуі мүмкін.
Кеңес ұшқышы 1986 жылдың 2 қыркүйегінде түнгі ұшудан кейін қайтып оралмапты. Ұшақтың сынықтары да, ұшқыштың өзі де табылмаған.
Ауғанстанда құлатылған ұшақтың ұшқышы аман әрі Ресейге оралғысы келетіні туралы жаздың басында Десантшылар одағының жетекшісі, Кеңес одағының батыры генерал-полковник Валерий Востротин хабарлады.