Экономика

"Самұрық-Қазына" Қытай кәсіпкерлерімен 13 миллиард долларға келісім жасасты

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан компаниясы іскерлік кеңес барысында қытай инвесторларымен жаңа келісімдерге қол қойды

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Бүгін Бейжіңде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Назарбаев Бейжіңде Халық батырлары ескерткішіне гүл қойды - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Бейжіңде Халық батырлары ескерткішіне гүл қойды

ҚХР Халықаралық сауда бойынша көмек комитеті және "Самұрық-Қазына" АҚ бірлесе ұйымдастырған жиынға қазақстандық ұлттық және жеке компаниялардың топ-менеджерлері және қытайлық бизнес қауымдастықтың 300-ден астам өкілі, оның ішінде Қытайдағы ірі мемлекеттік корпорациялардың басшылары қатысқан.

"Біз алдағы уақытта екі жақты экономикалық қарым-қатынасты барынша қарқынды дамытуға мүдделіміз және кешегі екі елдің көшбасшылары қол жеткізген келісімдер, қол қойылған құжаттар мұны тағы бір мәрте растайды, сондай-ақ елдеріміздегі бизнестің өзара ынтымақтастығы мен дамуына жаңа серпін береді. Бүгінде Қазақстан – инвестициялық әлеуеті зор мемлекет. Бұл мақсатта бизнесті жүргізу жағдайын жақсарту және тікелей инвестициялар тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі бесінші отырыста құны 13 миллиард АҚШ долларын тұратын 40-тан астам коммерциялық келісімге қол қою жоспарланып отыр", — деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Фотодерек: Назарбаев Қытай басшысына не айтты?

Оның ішінде "Самұрық-Қазына" АҚ және Қытайдың ірі инвестициялық компанияларының біріне айналған "WintaGroup" өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат қор басқаратын арнайы экономикалық аймаққа қатысу, инвестиция салу және дамыту бойынша стратегиялық ынтымақтастықты қарастырады. 

KTZ Express және JD Logistics арасындағы келісім "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА көліктік-логистикалық инфрақұрылымы бойынша жәрдемдесумен бірге трансшекаралық электронды коммерция аясында логистикалық жобаларды дамытуға бағытталған. Airport Management Group және Beijing China-Russia united international logistics Co. Ltd Қазақстан арқылы әуе және жүк тасымалын, оның ішінде Rail Air жобасын дамытуға бағытталған келісімге қол қойды. Тағы үш келісім Қытайдың сауда-өнеркәсіптік банкімен, CNPC Guangxi Petrochemical Company, сонымен қатар China Express Airlines жасалды.

"Жақын арада іскерлік кеңестің қызметін ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Олар бірлескен іс-шараларды, іскерлік кеңестің жұмысын күшейтуге бағытталады", — деп Есімов мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында атап өтті.

Айта кетсек, Қазақстан Қытайдың Орта Азиядағы ең ірі сауда серіктесі болып табылады. Қазақстан экономикасына құйылған тікелей инвестициялардың көлемі бойынша Қытай 4-орында. Қазақстан экономикасына бағыттаған жалпы инвестицияның көлемі 17 миллиард АҚШ долларын құрады.

Жаңалықтар
0