Видео

Қазақ қызының атышулы жекпе-жегі - видео

Жазылу
Бокстан Азия чемпионатының видеосы Желіде жарияланды. Кездесулердің бірінде 16 жасар қазақ қызы Еркежан Дәулетжанқызы вьетнамдық бойжеткеннен жеңіліп қалған болатын. Жас спортшының айтуынша, Азия біріншілігіндегі қарсыласы еркек болып шығыпты

57 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек Бангкокте өткен.

Боксшы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Вьетнамдықтан жеңілген қазақ қызы: еркек екенін сезсем де, соңына дейін жұдырықтастым

Еркежаның айтуынша, ол финалдық жекпе-жек кезінде қарсыласының ұл екенін іштей сезген. Бірақ намысы жібермей, соңына дейін жұдырықтасуға бел буыпты. 

"Жекпе-жек кезінде еркек екенін сездім. Себебі маған қиын болды, жылдамдығым жетіспеді, физикалық жағынан да менен мықты еді. Айқастан кейін бапкерлер ДНҚ жасаймыз деді. Нәтижесі белгілі болған соң, маған хабарласып, "ұл болып шықты" деді. Бір жағынан қуандым, екінші жағынан қатты әсері болмады. Қанша дегенмен өзім ұтқан жоқпын ғой", —дейді боксшы қыз.

Еркежан вьетнамдық "қызбен" рингте алғаш рет кездесіп тұр екен. Айтуынша, жекпе-жек алдында оның қарсыласын шешіндіріп тексерген. 

"Оны шешіндіріп, тексерген. Жынысын ауыстырған болып шықты. Ұл екені тек ДНҚ нәтижесінде анықталды. Әдетте боксшыларды ұл, қыз ба деп әр жекпе-жек сайын тексермейді. Тек сырт келбеті күдік туғызатын спортшыларды ғана. Мәселен, мені тексерген жоқ", — деді ол.

Жаңалықтар
0